Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабына және коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес, «Абай облысы Бородулиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Бородулиха ауданы аумағынан коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару қызметін көрсететін жеткізушіні айқындау бойынша конкурс жариялайды.
Конкурс 2026 жылғы 16 наурыздан 29 наурызға дейін өткізіледі.
Конкурс шарттары «Жана уақыт» газетінде жарияланады.