Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылдан бастап бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының басталғаны туралы хабарлайды.

Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылдан бастап бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының басталғаны туралы хабарлайды. Бұл конкурс жеке кәсіпкерлік субъектілерінің халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін олардың қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

         Байқау жыл сайын екі кезеңде – облыстық және республикалық деңгейде «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін» төрт номинация бойынша өткізіледі. Сондай-ақ байқау аясында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы марапаты да бар. Байқауға қатысу тегін.

         Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне екі данада материалдарды ұсынады, онда:

       1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес толтырылған өтініш;

       2) өтiнiш берушiнiң өз қызметiнiң деңгейi мен бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiнiң нақты нәтижелерiнiң өзi бағалауы болып табылатын есебi.

       Өтініш берушінің есебінде мыналар болуы керек:

- заңды немесе жеке тұлғаның тарихы;

- ұйымдық құрылым;

- басқа да қосымша ақпарат;

       3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың және басқа да құжаттардың көшірмесі);

       4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген нысанға сәйкес толтырылған және оның интернет-ресурсында орналастырылған сауалнама.

       Конкурс туралы толығырақ ақпарат алу үшін Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Бородулиха ауылы, Молодежная көшесі 25, 210 кабинет, тел: 2-2485 мекенжайы бойынша хабарласу қажет.

       Өтініштер 2026 жылдың 1 шілдеге дейін қабылданады.

 

Дата публикации
27 января 2026