Аудан дамуының басты мақсаты – ауданның бәсекелестік артықшылықтарын іске асыруға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін экономиканың тұрақты өсуіне жағдай жасау.
Ауданның дамуына тиімді географиялық орналасуы, транзиттік әлеует пен шекаралық ынтымақтастықты дамытуға қолайлы жағдай, тау-кен өнеркәсібіне арналған минералдық шикізат қорларының болуы, түсті металлургия саласындағы елеулі технологиялық әлеует, сондай-ақ адами капитал әсер етеді.
Ауыл шаруашылығының әлеуеті: жайылымдардың болуы, тауарлы-сүт фермаларын (ТСФ) ұйымдастыру мүмкіндігі, ауыл шаруашылығы жерлерін суару.
Ауданда өсімдік майы, ұн, ұн және нан-тоқаш өнімдерін өндіруді, сүтті терең өңдеуді, ет өңдеуді дамытуға арналған шикізаттық әлеует бар.
2030 жылдың соңына қарай сойыс салмағындағы ет өндірісі 2624,2 тоннаға дейін, сүт өндірісі 37935,5 тоннаға дейін ұлғаяды, майлы дақылдардың егіс алқаптары 167 мың гектарға дейін кеңейтіледі.
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігі өндірістерді жаңғырту, ауыл шаруашылығы өндірісіне жарамды құнарлы жерлердің кең аумақтарының болуы, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы салаларын цифрландыру, инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен арттырылады.
Ауданның туристік әлеуеті табиғи-рекреациялық ресурстардың болуымен сипатталады: Шульбинск су қоймасының жағалау ландшафттары, Уба өзенінің жағалауы, ленталы реликті қарағайлы орманның қойнауында орналасқан Михайловка және Жерновка көлдері, сондай-ақ Красный Яр, Михайличенково, Переменовка және басқа да ауылдардағы балыққа бай жасанды және табиғи су айдындары. Осы аумақтарда ауданның негізгі табиғи көрікті жерлері шоғырланған.
Бородулиха ауданының негізгі бәсекеге қабілетті туристік өнімі – экологиялық және жағажай туризмі.
Спорт саласында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтардың үлесі жалпы халық санының 52,4%-ына дейін жеткізіледі.
Аурушаңдық пен өлім-жітім көрсеткіштерін төмендету мақсатында медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, медициналық кадрларды даярлау сапасын көтеру бойынша іс-шаралар көзделген.
Білім беру саласында 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту (100%-ға дейін), оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, қосымша білім беруді дамыту шаралары жүзеге асырылады.
Мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерін, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарланған.
Азаматтарды жұмыспен қамту шаралары жұмыссыздық деңгейін 3,5%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес әлеуметтік игіліктер мен қызметтермен қамтамасыз ету деңгейін арттыру үшін әлеуметтік салада (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт объектілерін салу және күрделі жөндеу), инженерлік инфрақұрылымда (автомобиль жолдарын жөндеу, су құбыры және электр желілерін салу мен жөндеу, жылумен жабдықтау объектілері, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары), тұрғын үй құрылысы және интернетпен қамтамасыз ету бағыттарында жобаларды іске асыру көзделген.
Жобаларды іске асыру ауылдық жерлерде стандарттармен қамтамасыз етілу деңгейін 56,7%-дан 59,6%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Электр желілерінің тозуын төмендету бойынша шаралар қабылданады. Желілердің жалпы тозу деңгейі 85,5%-дан 83,19%-ға дейін төмендейді.
Экономиканың қажеттіліктерін қамтамасыз ету және ауданның транзиттік әлеуетін іске асыру үшін көлік инфрақұрылымын дамыту автомобиль жолдарын жөндеу жобаларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 95%-дан 99%-ға дейін өседі.
Қоршаған ортаны қорғау, стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындыларын азайту, орман ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және молайту, халыққа қалдықтарды жинау және шығару қызметтерін көрсету бойынша іс-шаралар белгіленген.
Шалғай ауылдық елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру, азаматтық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, халықты су тасқынынан, еріген және жауын-шашын суларынан қорғау бойынша қарсы су тасқыны іс-шараларын жүргізу көзделген. Жобаларды іске асыру ауылдық елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерімен қорғалу деңгейін 75,0%-дан 100,0%-ға дейін, ал су тасқынынан, еріген және жауын-шашын суларынан қорғалу деңгейін 32,3%-дан 100,0%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Ауданның даму жоспары елдің жаңа экономикалық бағытын іске асыруға, өңірдің бәсекелестік артықшылықтарын тиімді пайдалануға және өндірістің негізгі факторлары – еңбек, капитал, ресурстар мен технологиялардың әлеуетін ашуға бағытталған. Негізгі жетістік ретінде ауданның барлық тұрғындарын базалық инфрақұрылымға және сапалы қызметтерге қолжетімділікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ әрбір азамат үшін тең мүмкіндіктер жасау көзделеді.