Неліктен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу — жазалаудан маңызды
Сыбайлас жемқорлық – тек заң бұзушылық емес. Ол ең алдымен халықтың мемлекетке деген сенімін әлсіретіп, даму қарқынын тежейді, әсіресе әлеуметтік осал топтарға ауыр соққы береді. Аудан деңгейінде бұл әсер тіпті айқын сезіледі. Себебі, жергілікті билік – халыққа ең жақын тұрғандықтан, оның жұмысына қатысты туатын кез келген күмән барлық басқару жүйесіне деген сенімге әсер етпей қоймайды.
Сол себепті Бородулиха ауданындағы атқарушы органдарының жұмысы ашық, түсінікті және заң аясында жүргізілуі — мен үшін басты басымдықтардың бірі. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу — бір реттік шара да, қағаз жүзіндегі есеп те емес. Бұл күнделікті атқарылатын, адамға бағытталған, түсінікті тілмен жүргізілуі тиіс тұрақты жұмыс.
2015 жылдан бері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң қолданысқа енгізілді. Бұл құжат барлық деңгейде жүйелі жұмыс жүргізуге жаңа серпін берді.
Біздің аудандағы жұмыс бірнеше бағытта жүзеге асырылады
Кеңес беру және түсіндіру жұмыстары — алдын алудың басты тетігі. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, көптеген қателіктер ережелерді толық білмеуден туындайды. Сондықтан түсіндіру жұмыстары — біз үшін негізгі құралдардың бірі.
2025 жылдың екінші жартыжылдығында 18 кеңес берілсе, 2024 жылдың осы кезеңінде — 12. Оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге — 8, тұрғындарға — 4.
Қойылатын сұрақтардың ауқымы кең — этикалық талаптарды сақтау мәселесінен бастап мүдделер қақтығысының болдырмауға дейін. Әрбір жағдай жеке қаралып, азамат қабылдайтын шешімнің салдарын анық түсінуі үшін толық түсіндірме беріледі.
Кадрмен жұмыс және оқыту
Алдын алу жұмысы ең алдымен мемлекеттік қызметшінің өз-өзін ұстау мәдениетінен басталады.
2024–2025 жылдарға арналған құқықтық оқыту жоспары аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында 5 дәріс өткізілді: 2024 жылы — 2, 2025 жылы — 3.
Мемлекеттік қызметке алғаш рет келген немесе үзілістен кейін оралған қызметкерлермен бөлек жұмыс жүргізіледі. Себебі дәл осы кезеңде кәсіби дағдылар мен жеке жауапкершілік түсінігі қалыптасады.
Этикалық бақылау
Биылғы жылдың II тоқсанында ауданның этика жөніндегі уәкілі аудандық антикоррупциялық комиссия отырысында баяндама жасады. Онда нақты мысалдар қаралып, күрделі жағдайлар талқыланып, мемлекеттік органдардағы қауіптерді азайтуға бағытталған шаралар айтылды.
Қазан айында Этикалық кодекс пен антикоррупциялық стандарттар бойынша семинар өтті. Мақсат — тек талаптарды еске салу емес, қызметкер күрделі, екіұшты жағдайда өзін қалай ұстау керегін түсіндіру.
Басты көрсеткіш — биылғы жылы сыбайлас жемқорлық фактілерінің болмауы
Алайда босаңсуға болмайды. Бұл тәртіпті нығайту мен ішкі бақылау жүйесінің дұрыс жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді.
Біздің басты міндет — жұмысты үздіксіз, тұрақты жүргізу. Жемқорлық өздігінен жоғалып кетпейді. Ол тек: мемлекеттік органдар ашық жұмыс істегенде, шешімдер әділ қабылданғанда, әрбір қызметкер өз жауапкершілігін сезінгенде, азаматтарға уақытылы және түсінікті жауап берілгенде азаяды.
Сондықтан біз ақпараттық жұмысты күшейтіп, кеңес беру аясын кеңейтіп, этикалық стандарттарды жетілдіріп және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениетін арттыруды жалғастыратын боламыз.
Биліктің ашық болуы — халық сенімінің негізі. Ал сенім — Бородулиха ауданының дамуына жол ашатын басты тірек.
Осы бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыра береміз.
Айдар Ибраев,
Бородулиха ауданының әкімі