Ауданда дене шынықтыру және спорт саласындағы негізгі міндеттердің бірі – бұқаралық спорт түрлерін дамыту болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі №228-V «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңын іске асыру аясында бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында аудандық бюджет қалыптастыру кезінде жыл сайын аудандық деңгейде жарыстар ұйымдастыруға және өткізуге, сондай-ақ бұқаралық және ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық жарыстарға қатысуға қаражат қарастырылады.
Ауданда бұқаралық спорт түрлерін дамыту үшін 97 спорт нысаны бар, соның ішінде білім беру ұйымдарында – 51. Спорт нысандары халықтың кең ауқымы үшін қолжетімді.
Спорттық нысандардың жұмысын бақылау ауылдық және кенттік округтер әкімдеріне жүктелген. Әкімдердің өкімдерімен спорт жөніндегі нұсқаушылардың міндеттері ауылдық округ мамандарына бекітілген.
Жалпы білім беретін мектептердегі дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне спорт нысандары мен спорт түрлері бойынша секциялық жұмыстар бекітілген.
Бірінші басшылар әрбір спорт нысаны үшін жыныстық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс және жарыстар өткізу кестелерін әзірлеп, бекітті.
2026–2030 жылдарға арналған ауданның инвестициялық даму жоспарына сәйкес, 2026 жылы Новопокровка ауылында спорттық модуль, Новая Шульба ауылында жабық хоккей кортын, ал 2028 жылы Жезкент кентінде спорт модулін салу жоспарланған.
Бұқаралық спорт түрлерін дамыту және тұрғындарды жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортпен айналысуға тарту мақсатында ауданда 36 спорт түрі бойынша 414 спорт секциясы ашылған.
Ауданда жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны – 13 214 адам, бұл жалпы халық санының 41,4%-ын құрайды. Оның ішінде бұқаралық спорт түрлерімен 8000-нан астам адам қамтылған.
Ауданда 31 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оқушылар контингенті – 4867 адам, оның 3658-і немесе 75%-ы спорт секцияларына қатысады.
Жаттығу жұмыстарын 24 жаттықтырушы-оқытушы, 3 әдіскер, 61 дене шынықтыру мұғалімі және 29 қоғамдық жаттықтырушы жүргізеді.
Ауданда шайбалы хоккейді дамыту мақсатында жыл сайын Жезкент, Бородулиха, Новая Шульба, Белағаш, Новопокровка, Переменовка, Петропавловка, Камышенка ауылдарында 9 хоккей корты және коньки тебуге арналған 26 мұз айдыны дайындалады. Зенковка ауылында жабық хоккей модулі бар. Барлығы 46 секция жұмыс істейді, онда 700 адам шұғылданады.
Жезкент кентінде 1800 адам, оның ішінде 315 мектеп оқушысы қатысатын «Шахтер» жасөспірімдер клубы жұмысын жалғастыруда. Клубта шайбалы хоккей, футбол, волейбол, тоғызқұмалақ секциялары бар.
Әлихан Бөкейхан атындағы Бородулиха қазақ орта мектебінде «Ақ ладья» шахмат клубында 162 адам, оның ішінде 73 мектеп оқушысы шахмат және дойбы ойнайды.
Белағаш ауылындағы футбол клубында ардагерлер, оқушылар және жасөспірімдер арасында мини-футбол секциялары жұмыс істейді (барлығы 40-тан астам адам).
Зенковка ауылындағы жабық хоккей модулінде «Зенковка» хоккей клубы жұмыс істейді, қатысушылар саны 1000-нан асады, оның ішінде 138-і балалар мен жасөспірімдер. Клубта 200 жұп спорттық аяқ киім мен конькиді жалға беру қызметі бар.
Футболды дамыту мақсатында ауданда 4 футбол алаңы бар, оның ішінде 2-еуі жасанды жабындысы бар (Жезкент және Бородулиха кенттерінде).
2024 және 2025 жылдары ауданда 8 мини-футбол алаңы салынды (барлығы – 16): Новая Шульба, Камышенка, Дмитриевка, Коростели, Жерновка, Белағаш, Петропавловка, Песчанка ауылдарында. Бұл спорт секцияларының санын 2023 жылғы 365-тен 2025 жылы 414-ке дейін ұлғайтуға және спортпен шұғылданушылардың үлесін 2024 жылғы 40%-дан 2025 жылы 41,4%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді.
Ауданда жастар арасында футбол жарыстарына жыл сайын 18 команда қатысады. Балалар футболымен мектептер мен балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде 2500-ден астам бала қамтылған.
Волейбол, баскетбол, мини-футбол сияқты спорт ойындары да балалар мен жастар арасында кеңінен танымал, олармен 6000-нан астам адам айналысады.
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі 2025 жылға арналған 75 іс-шарадан тұратын спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесін әзірлеп, бекітті. Бұл іс-шаралар барлық әлеуметтік топтарды – оқушыларды, жастарды, ардагерлерді және мүгедектерді қамтиды.
2025 жылдың ағымдағы кезеңінде 63 іс-шара өткізіліп, оған 9000-нан астам адам қатысты.
Ауданда бұқаралық спортты дамыту мақсатындағы жарыстар жүйелі түрде «Спорт – терроризм мен экстремизмге қарсы!» ұранымен өткізіледі.