Абай облысы Бородулиха ауданы Новопокровка ауылында керамикалық кірпіш өндіретін зауыттың құрылысы

2025 жылғы 7 қарашада Абай облысы, Бородулиха ауданы, Новопокровка ауылында керамикалық кірпіш өндіретін зауыттың салтанатты ашылуы өтті. Жоба ТОО «Шыңғыс Тас» компаниясы арқылы жүзеге асырылып, оның құны 2 млрд теңгеден асты. Бұл зауыт 2025 жылы өңірде сәтті іске асырылған үш инвестициялық жобаның бірі болып табылады.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 6 000 000 кірпішті (шамамен тәулігіне 50 000 кірпіш) құрайды. Зауыт сапалы, экологиялық таза керамикалық кірпішті құрылыс компаниялары мен жеке тұлғаларға ұсынады. Технологиялық процесс балшықты өндіру және дайындау, қалыптау, кептіру және жоғары температуралы туннельдік пештерде күйдіруді қамтиды, бұл өнімнің жоғары беріктігі, мортқа төзімділігі мен ұзақ қызмет ету мерзімін қамтамасыз етеді.

Жоба аясында 50 тұрақты жұмыс орны ашылып, ауданның өнеркәсіп әлеуетін дамытуға және жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтылуын арттыруға үлес қосуда. Құрылыс-монтаж жұмыстары мен жабдықтарды іске қосу толық аяқталған. Зауыт қазірдің өзінде пайдалануға берілген, барлық технологиялық желілер кешенді сынақтардан өтіп, өндірістік жұмысқа дайын екендігі расталды. Қазіргі уақытта нысанды мемлекеттік тіркеу және құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Дата публикации
20 ноября 2025