Күзгі дала жұмыстарын жүргізу туралы

2025 жылы жалпы егіс алқабы 371 мың 752 га құрады, өткен жылмен салыстырғанда 15,03 мың га немесе 104,2% ұлғайды, оның ішінде көктемгі егіс 340 мың 094 га немесе 109,3%.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес майлы дақылдардың ауданы                  173,630 мың га, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 166,46 мың га құрады.

Бүгінгі күні дәнді дақылдарды жинау аяқталды. Күздік және жаздық дәнді-бұршақ дақылдар алаңы (жедел деректер бойынша) 166,2 мың га (жоспардағы 166,2 мың га  100%) алаңда жиналды, орташа өнімділік 9,6 ц / га, жалпы түсімділік 160,2 мың тоннаны құрайды, оның ішінде:

- қыстық қара бидай орташа өнімділігі 24,8 ц/га 1,7 мың га (100 %) алқаптан жиналды, жалпы түсімділік 4,215 мың тоннаны құрады.;

- арпа 19,12 мың га немесе 100% алаңнан жиналды, орташа өнімділігі 8ц/га, жалпы түсімділік 15,2  мың тонна астықты құрайды;

- сұлы 0,999 мың га(100%)  алқаптан жиналды, орташа өнімділігі                   11,8 ц/га, жалпы түсімділік 1,177 мың тоннаны құрайды.;

- бұршақ орташа өнімділігі 11,8 ц/га, 579 га (100%) алаңнан жиналды, жалпы түсімділік 1,4 тоннаны құрайды.;

- жаздық бидай 139,5 мың га (жоспардың  100%) алаңда жиналды, орташа өнімділігі 9,3 ц / га, жалпы түсімділік 130,4 мың тоннаны құрайды,

Дәнге жүгері 2,53 мың га немесе 100% алаңнан жиналды, өнімділік                    28,9 ц/га жалпы түсімділік 7,3 мың тонна астықты құрайды

Майлы дақылдар 166,8 мың га (жоспардағы 173,6 мың га  96%) алаңда жиналды, орташа өнімділік 14,4 ц / га, жалпы түсімділік 240,5 мың тоннаны құрайды, оның ішінде:

- күнбағыс 166 мың га (жоспардағы 173,6 мың га  96%) алқаптан жиналды, орташа өнімділігі 14,5 ц/га, жалпы түсімділік 240,5 мың тоннаны құрайды.;

- зығыр 0,649 мың га немесе 100% алаңда жиналды, орташа өнімділігі              6 ц/га, жалпы түсімділік 0,391 мың тоннаны құрайды,

- рапс 0,110 мың га немесе 100% алаңда жиналды, орташа өнімділігі                 12,6 ц / га, жалпы түсімділік 0,139 мың тоннаны құрайды.

Қолайсыз ауа райы жағдайында күнбағыс жинау бүгінгі күні аяқталуда. Күзгі-дала жұмыстарын жүргізу үшін ауданда 859 бірлік шынжыр табанды және доңғалақты техника, 387 бірлік комбайн, 412 бірлік жүк автомобильдері жұмылдырылды.

Қолда бар деректер бойынша шаруа қожалықтарында күзгі-дала жұмыстарын жүргізу үшін 1709 тұрақты жұмыс істейтін адам жұмылдырылады, сондай-ақ астықты қайта өңдеу кезінде қосымша 243 адам тартылатын болады. Нәтижесінде жұмысқа тартылған жұмысшылардың жалпы саны 1952 адамды құрайды.

Дата публикации
20 ноября 2025