Аудандық ауқымдағы 48 спорттық бұқаралық іс-шара және гір спортынан облыстық турнир өткізілді. Жарысқа 3000-нан астам адам қатысты. Шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, волейбол, баскетбол, шағын футбол және т.б. бойынша ашық аудандық турнирлер өткізілді. Аудан спортшылары облыс чемпионаттарына қатысады. Ауданның үздік спортшылары шаңғы жарысы, гір спорты, бокс, дзюдодан облыстың ашық чемпионаттарына қатысты, сондай-ақ, ауыл командалары арасындағы алғашқы облыстық ойындарда өнер көрсетті.
Ауданның спорттық инфрақұрылымы 2025 жылы спорт нысандарына жүргізілген түгендеуге сәйкес 65 спорт ғимараты мен 33 спорт залымен ұсынылған.
Оқушыларға қосымша білім беруді ұйымдастыру үшін ауданда балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, онда 10 бөлімше жұмыс істейді, 6 филиал ашылды. Шұғылданатындар саны 576 адам, 46 оқу тобы ашылды. Бородулиха «БЖСМ» – де 26 жаттықтырушы жұмыс істейді, оның ішінде штаттық 15 жаттықтырушы, жоғары арнайы білімі бар –11 адам. Ауданда спорттың 35 түрі бойынша барлығы 414 спорт секциясы ашылды. Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын барлық жастағы тұрғындарды қамту 13014 адамды құрайды, бұл тұрғындардың жалпы санының 40,4% құрайды. ҚР-да мемлекеттік және халықтық мерекелерге, атаулы күндерге арналған спорттық-бұқаралық іс-шараларды жыл сайын ауылдық және кенттік округтердің әкімдері жергілікті жерлерде жоспарлайды және өткізеді. Ауданда Бородулиха спорт мектебінің бағынысында спорт кешені мен стадионы бар.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес ауданда 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің жалпы саны 5296 адамды құрайды. Оның ішінде 1988 адам шұғылданады, бұл балалар мен жасөспірімдердің жалпы санының 18,7% құрайды, оның ішінде БЖСМ-де 576 бала, спорт клубтарында 1413 бала мен жасөспірім шұғылданады.
ҚР-да мемлекеттік және халықтық мерекелерге, атаулы күндерге арналған спорттық-бұқаралық іс-шараларды жыл сайын ауылдық және кенттік округтердің әкімдері жергілікті жерлерде жоспарлайды және өткізеді.
Ауданда спорт мектебінің негізінде спорт кешені мен стадионы бар.
Аудан көлемінде өткізілетін барлық іс-шаралар «Спорт - нашақорлыққа қарсы» атты ұрандарымен өткізіледі.