Білім қазан

2025 жылғы 24 қазанда «Сайлау күнінде Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау кезінде сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті. Семинарға №1 сайлау округінің учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері қатысты.            Отырыста Бородулиха ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Р. Харченко, жиналғандар алдында сөз сөйлеп, сайлау туралы заңның нормаларын түсіндірді.                        Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары В.Г.Драчев сайлау процесінің құқықтық негіздерімен және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастырумен, Қазақстан Республикасындағы сайлау науқандарын ұйымдастыру негіздерімен таныстырды. 

           Хаттамалар мен басқа да құжаттарды дайындау бойынша аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы А.Р.Мұхаева сөз сөйледі.

            Семинар соңында АСК мүшелері УСК төрағаларының сұрақтарына жауап берді.

Дата публикации
26 октября 2025