Аукцион откізу туралы ХАБАРЛАМА

Құрметті сауда-саттыққа әлеуетті қатысушылар! «Абай облысы Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ 2025 жылғы 15 қазанда сағат 10:00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында www.gosreestr.kz (бұдан әрі-Портал).бағаны көтеру әдісімен жер учаскесін немесе жер учаскесін жалға алу құқығын сату бойынша электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды

Аукционға қатысуға өтінімдер беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалға алу құқығын, оның ішінде электрондық түрде сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 297 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу тізілімнің веб-порталында аукцион өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жүзеге асырылады және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, содан кейін қатысушылар берілген өтінімді кері қайтарып ала алмайды.

Аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), бірінші басшының толық атауы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) ;

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

4) байланыс деректері (пошта мекенжайы, телефон, факс, e-mail).

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталы тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімнің қабылданғаны немесе өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукциондық нөмір бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ және аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион сату объектісінің бастапқы бағасын аукцион залында автоматты түрде орналастыру арқылы Нұр-Сұлтан қаласының сауда-саттық өткізу туралы хабарламасында көрсетілген уақытынан басталады.

Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы мен жеңімпаз сауда-саттық өткізілетін күні ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.

Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және сатушы мен сатып алушы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде сатып алу-сату шартының жобасын қол қоюға ұсынады.

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізіледі:

Төлем алушы: «Ақпараттық-есеп орталығы» акционерлік қоғамы; БСН: 050540004455, ЖСК: KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX; КНП: 730; Кбе: 16.

Төлем мақсаты: Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна

Назар аударыңыз! Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қойылмаған жағдайларда кепілдік жарна жеңімпазға қайтарылмайды.

Барлық басқа жағдайларда кепілдік жарналар тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысушыдан бірыңғай операторға өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.

 

Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукционға мынадай сату объектілері қойылады:   

 

р/с№

 

Нысаналы  мақсаты

және жер телімінің       мекен-жайы

Көлем, га

Құ-

қық түрі

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны

Кепіл

дік жарна

ның мөлше

рі, теңге

Жер теліміне ауыртпашы лық

тар (шектеу

лер)

Қосымша шарттар

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Жартылай жеке тұрғын үй салу үшін, Петропавловка ауылы

0,1599

 

Жеке меншік

 

330033,60

 

196600

 

жок

 

жок

 

2

Жартылай жеке тұрғын үй салу үшін, Петропавловка ауылы

0,1599

Жеке меншік

330033,60

196600

 

жок

 

жок

 

3

Жартылай жеке тұрғын үй салу үшін, Петропавловка ауылы

0,1599

Жеке меншік

330033,60

196600

 

жок

 

жок

 

4

Жартылай жеке тұрғын үй салу үшін, Петропавловка ауылы

0,1599

Жеке меншік

330033,60

196600

 

жок

 

жок

 

5

Қойма салу үшін, Новопокровка ауылы

0,5496

Жеке меншік

1323436,80

196600

 

жок

 

жок

 

6

Мал сою пунктін салу үшін, Новая Шульба ауылы

0,999

Жеке меншік

59840,10

196600

 

жок

 

жок

 

 

 

            Сауда-саттықтың ағылшындық әдіс бойынша аукционды жүргізу шарттары.

Әрбір сауда-саттық обьектісі бойынша аукцион аукционшының оның атауын, қысқаша сипаттамасын, бастапқы бағасын және бағалардың ұлғаю қадамын хабарлауынан басталады. Сауда саттыққа қатысушылар аукционға қатысуға табысталған аукциондық нөмірді көтеруі арқылы бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарлаған қадамнан кем болмауы керек. Обьект бойынша сауда- саттық ең жоғарғы баға ұсынылғанға дейін жүргізіледі. Әрбір сатылған сауда-саттық обьектісі бойынша аукцион нәтижелері, аукцион өткізілген күні жеңімпаз бен екінші сатып алушы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

 

Жер телімдерін сату шарттары.

Жер телімдерін нысаналы мақсатына сәйкес және берілген шекаралар шегінде пайдалану; жер телімін сатып алған жағдайда жер қатынастары бөлімімен сатып алу-сату шартын жасасу; қажет болған жағдайда сервитутқа рұқсат беру; жер салығын, жалдау төлемін уақытында төлеу; нысанды жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу; жер телімінің нақтылы (белгілі бір жердегі) шекарасын белгілеу; қауіпсіздік мақсатында басқа тұлғалардың құқығын шектемей және ортақ пайдалануға залал келтірмей құрылыс аумағын қоршау, іргелес аумақтардың санитарлық жағдайы мен техникалық қауіпсіздігін сақтау (құрылыс уақытында жұмыс кестесі көрсетілген ұйымның паспорты, иесі және құрылыс ұйымы туралы мәлімет, байланыс телефондары және т.б. орнатылу қажет); егер де құрылысқа арналған жер телімі, оның берілгені туралы шешім қабылдағаннан күнінен бастап, үш жыл ішінде нысаналы мақсаты  бойынша пайдаланылмаған жағдайда (егер ұзақ мерзімнен аса жобалау-сметалық құжаттамамен қарастырылмаса), онда ол Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес мәжбүрлеп алып қоюға жатады.

 

 

 

  «Абай облысы Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ

Дата публикации
14 октября 2025