Бородулиха ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салықтарының мөлшерін төмендету туралы

 

Бородулиха ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салықтарының мөлшерін төмендету туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы                        1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Бородулиха ауданында жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимі бойынша төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшерін салық кезеңі үшін алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 3% - дан 2% - ға дейін төмендетілсін.
  2. Бородулиха аудандық мәслихатының «Бородулиха ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» 2024 жылғы 24 қазандағы № 23-3-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 359-18 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                                            С. Урашева

 

 

Дата публикации
06 октября 2025