«Бородулиха ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салықтарының мөлшерін төмендету туралы» Бородулиха аудандық мәслихаты шешімінің жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

«Бородулиха ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салықтарының мөлшерін төмендету туралы»

Бородулиха аудандық мәслихаты шешімінің жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

 

№
р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші - мемлекеттік орган

«Абай облысы Бородулиха ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

2.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау үшін негіздер

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасы, Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 726-бабы

3.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі

Қосымша қаржылық шығындарды қажет етпейді

4.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар, сондай-ақ нормативтік құқықтық акт жобасының ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсері

Жобаны қабылдау теріс, әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды

5.

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

ТЖК мөлшерлемесінің 3-тен 2% - ға төмендеуі (жұмыскерлер саны бойынша шектеудің болмауы (Салық кодексінің 723 - бабының 1-тармағы), бұл режимді 200 жұмыскерге дейін шектеу қолданылған бөлшек салықтан тиімді ажыратады) бизнес-ахуалды жақсартуға, салық жүктемесін төмендетуге, бизнесті заңдастыруға және кәсіпкерлік сектордың іскерлік белсенділігін арттыруға ықпал ететін болады.

6.

Нормативтік құқықтық актінің жобасында қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілер және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер

Бородулиха аудандық мәслихатының «Бородулиха ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» 2024 жылғы 24 қазандағы № 23-3-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 359-18 болып тіркелген) шешімі.

7.

Заңнаманы нормативтік құқықтық актінің енгізілетін жобасына сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы

Қажет емес

8.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

06.10.2025 ж. 194 КБ.

9.

Уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына баспасөз-релизін орналастыру туралы ақпарат

Жоқ

10.

Нормативтік құқықтық акт жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

 Сәйкес келеді

11.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысу нәтижелері

Жоқ

 

 

 

Абай облысы Бородулиха ауданының

кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы                                              А. Мартаев

                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Дата публикации
06 октября 2025