2025 жылдың 26 қыркүйегінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті. Семинарға учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары, хатшылары, мүшелері қатысты.
Отырыста Бородулиха ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Р. Харченко жиналғандарға сөз сөйлеп, мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету ережелерін түсіндірді. Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары В.Г. Драчев комиссиялардың жұмысын ұйымдастырудың құқықтық негіздерімен таныстырды. Аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы А.Р. Мұхаева құжат айналымына тоқталды. Семинар соңында аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.