2025 жылғы 27 тамызда «Сайлау процесінің құқықтық негіздері және дауыс беру күні Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау кезінде сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті. Семинарға No1 округтік сайлау комиссиясының мүшелері қатысты. Отырыста Бородулиха ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Р. Харченко, жиналғандар алдында сөз сөйлеп, сайлау туралы заңның нормаларын түсіндірді. Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары В.Г.Драчев сайлау процесінің құқықтық негіздерімен және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастырумен, Қазақстан Республикасындағы сайлау науқандарын ұйымдастыру негіздерімен таныстырды.
Хаттамалар мен басқа да құжаттарды дайындау бойынша аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы А.Р.Мұхаева сөз сөйледі.
Семинар соңында АСК мүшелері ОСК төрағаларының сұрақтарына жауап берді.