Депутат сайлауын тағайындау туралы қаулы

№ 1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Бородулиха аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Бородулиха ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. № 1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Бородулиха аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалсын.
  2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2025 жылғы 27 тамыздан 25 қыркүйекке дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін белгіленсін.
  3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған, Бородулиха аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы «Жана Уакыт». «Новое Время » аудандық газетінде және Бородулиха ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырсын.

 

 

Төраға                                                                        С. Харченко

 

 

Хатшы                                                                        А. Мухаева

 

 

 

 

 

Бородулиха ауылы

2025 жылғы 27 тамыз

№ 33

Дата публикации
27 августа 2025