2024 жылдың екінші жартыжылдығында және 2025 жылдың 5 айында Бородулиха ауданының жергілікті атқарушы органдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау нәтижелерін жария талқылаудың хаттамасы
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығының 2-тармағына сәйкес. Бородулиха ауданының мемлекеттік мекемелерінде 2023 жылғы 30 маусымнан бастап 2023 жылғы 30шілдеге дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:
1) объектінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) объектінің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Қарау қорытындысы бойынша ұсынылды:
- нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу;
- аудан әкімі аппараты мен әкімдігінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу.