2025 жылғы 15 шілдеде «Сайлау процесінің құқықтық негіздері және дауыс беру күні Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау кезінде сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Жезкент кентінің және Переменов ауылдық округінің учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары, хатшылары мен мүшелері қатысты. Отырыста Бородулиха ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Р. Харченко, жиналғандар алдында сөз сөйлеп, сайлау туралы заңның нормаларын түсіндірді. Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары В.Г.Драчев сайлау процесінің құқықтық негіздерімен және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастырумен, Қазақстан Республикасындағы сайлау науқандарын ұйымдастыру негіздерімен таныстырды.
Хаттамалар мен басқа да құжаттарды дайындау бойынша аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы А.Р.Мұхаева сөз сөйледі.
Семинар соңында АСК мүшелері УСК төрағаларының сұрақтарына жауап берді.