білім беру

2025 жылғы 10 маусымда «Қазақстан Республикасындағы сайлау науқандарын ұйымдастыру негіздері: ерекшеліктері мен жүзеге асыру кезеңдері» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Бородулиха ауылдық округінің УСК төрағалары, орынбасарлары, хатшылары және мүшелері қатысты.            Отырыста Бородулиха ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Р. Харченко, жиналғандар алдында сөз сөйлеп, сайлау туралы заңның нормаларын түсіндірді.                        Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары В.Г.Драчев сайлау процесінің құқықтық негіздерімен және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастырумен, Қазақстан Республикасындағы сайлау науқандарын ұйымдастыру негіздерімен таныстырды. 

           Хаттамалар мен басқа да құжаттарды дайындау бойынша аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы А.Р.Мұхаева сөз сөйледі.

            Семинар соңында АСК мүшелері УСК төрағаларының сұрақтарына жауап берді.

Дата публикации
10 июня 2025