Бородулиха ауданының мемлекеттік қызметтер көрсету барысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына сәйкес, ауданда жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдармен мемлекеттік қызметтердің 179 түрі көрсетіледі.

«Мониторинг» АЖ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеуге бақылауды ұйымдастыру жұмысы, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсетуге мониторинг жүргізу бөлімі жүзеге асырады.

2025 жылдың 5 айында Бородулиха ауданының тұрғындарына жергілікті атқарушы органдармен 1289 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2025 жылдың 4 айында қызметтердің жалпы санынан электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 99% құрады.

Ауылдық округ әкімдіктерінде өзіне – өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді, ағымдағы кезеңде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы 1903 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тарту саны – 163.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес, ауданның ауылдық әкімдіктері мен дербес бөлімдерінде 4 бақылау іс-шарасы («Абай облысы Бородулиха ауданы Новодворовка а/о әкімінің аппараты» ММ, «Абай облысы Бородулиха ауданы Новошульба а/о әкімінің аппараты» ММ, «Абай облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Абай облысы Бородулиха ауданы Жерновка а/о әкімінің аппараты) өткізілді.     

2025 жылдың 5 айында 8 тікелей эфир өткізілді.

Ауданда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту үшін қабылданатын шаралар жалғасуда, мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету бойынша мониторинг тұрақты негізде жүргізіледі.

 

Дата публикации
09 июня 2025