Пайдаланушылардың назарына РҚАО пайдаланудың ыңғайлылығы үшін Мазмұн кестесі жасалды Ескерту Акт нысаны мен тақырыбы өзгертілді кіріспесі алынып тасталды-ҚР 2007.01.12 № 227 Заңымен Бүкіл мәтін бойынша: "Жарлық" "Жарлық" "Жарлық" деген сөздер тиісінше "Заң" "заң" "заң"деген сөздермен ауыстырылды; "шетел азаматтары", "шетел азаматтары" "шетел азаматтары" "шетел азаматтары" "шетел азаматтары" "шетел азаматтары" "шетел азаматтары" "шетел азаматтары" "шетел азаматтары" "шетел азаматы" "шетел азаматы" "шетел азаматы" деген сөздер тиісінше "шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылды" "Шетелдіктер" "шетелдіктер" "шетелдіктер" "шетелдіктер" "шетелдіктер" "шетелдіктерге" "шетелдіктерге" "шетелдіктерге" "шетелдіктерге" "шетелдіктерге", "шетелдіктерге", "шетелдіктерге", "шетелдіктерге", "шетелдіктерге", "шетелдіктерге" Қазақстан Республикасының 2007.01.12 № 227 Заңымен Жалпы ережелер 1-бап Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнама Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және оған сәйкес шетелдіктердің негізгі құқықтары мен міндеттерін, олардың Қазақстан Республикасына келу, оның аумағында болу және жүріп-тұру және Қазақстан Республикасынан кету тәртібін айқындайды Шетелдіктердің Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайы туралы заң осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады Шетелдіктердің Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында да айқындалуы мүмкін Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады Ескерту 1-бапқа өзгеріс енгізілді-ҚР 2007.01.12 № 227 2020.05.13 № 327VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен 2-бап Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығы туралы дәлелдері бар адамдар Қазақстан Республикасында шетелдіктер деп танылады Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығы туралы дәлелдері жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп танылады 3-бап Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайының қағидаттары Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің барлық құқықтары мен бостандықтары болады сондай-ақ Конституцияда және Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес белгіленген барлық міндеттерді атқарады Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер шығу тегіне әлеуметтік және мүліктік жағдайына нәсіліне және ұлтына жынысына біліміне тіліне дінге көзқарасына, кәсібінің түрі мен сипатына қарамастан заң алдында тең Шетелдіктердің өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы Қазақстан Республикасының мүдделеріне, оның азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиіс және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндеттерді атқаруынан бөлінбейді Ескерту 3-бапқа өзгеріс енгізілді-ҚР 2020.05.13 № 327VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен 4-бап Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және уақытша болатын шетелдіктер Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұратындар деп танылады Этникалық қазақтарды Қазақстан Республикасының немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының азаматтығында туған немесе бұрын болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда мұндай рұқсатты алуға үміткер адамның Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерде өзінің төлем қабілеттілігін растауы Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудің міндетті шарты болып табылады Қазақстан Республикасында өзге заңды негізде жүрген сондай-ақ қылмыстық істер бойынша жәбірленуші куә күдікті немесе айыпталушы деп танылған шетелдіктер сот үкімі күшіне енгенге немесе уәкілетті органдар өзге де процестік шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында уақытша болатын болып есептеледі Қандастардың бір мезгілде Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға және Қазақстан Республикасының азаматтығына оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен қабылдауға құжаттар беруге құқығы бар Ескерту 4-бап жаңа редакцияда-ҚР 2007.01.12 N 227 өзгеріс енгізілді-ҚР 10.12.2013 № 153V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 24.11.2015 № 421V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен 2019.12.27 № 292VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) 2020.05.13 № 327VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) 5-бап Баспана беру Қазақстан Республикасы Адам құқықтарының бұзылуының құрбаны болған шетелдіктерге баспана беру құқығын береді Саяси баспана беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының Президенті шешеді Ескерту 5-бапқа өзгеріс енгізілді-ҚР 2007.01.12 № 227 Заңымен II бөлім Негізгі құқықтар бостандықтар және шетелдіктердің Қазақстан Республикасындағы міндеттері 6-бап Еңбек қызметі және демалыс Шетелдіктер Қазақстан Республикасында еңбек қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында және халықаралық шарттарында белгіленген негізде және тәртіппен жүзеге асыра алады Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында заңнамалық актілерде шетелдіктердің Қазақстан Республикасындағы еңбек қызметін жүзеге асыру бойынша шектеулер белгіленуі мүмкін Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы лауазымдарға тағайындау немесе осындай қызмет түрімен айналысу Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығына байланысты болса, шетелдіктер жекелеген лауазымдарға тағайындала алмайды немесе еңбек қызметінің белгілі бір түрімен айналыса алмайды Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің еңбек қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты құқықтары мен міндеттері бірдей болады Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылуы мүмкін Бұл ретте заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің Қазақстан Республикасының азаматтарымен ортақ негізде демалуға құқығы бар Ескерту 6-бапқа өзгеріс енгізілді-ҚР 2001.03.16 № 164 2007.01.12 № 227; 2018.04.16 № 147VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен 7-бап Денсаулық сақтау Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек ерікті медициналық сақтандыру полисі болған кезде беріледі Ескерту 7-бап жаңа редакцияда-ҚР 16.11.2015 № 406V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) 8-бап Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерінде Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей құқықтары мен міндеттері болады Зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды тағайындау үшін белгілі бір жұмыс өтілі талап етілетін жағдайларда шетелдіктерге олардың шетелдегі жұмыс өтілі Қазақстан Республикасының заңнамасында және халықаралық шарттарында белгіленген негіздерде және тәртіппен есептелуі мүмкін Ескерту 8-бапқа өзгеріс енгізілді-ҚР 1997.06.19 № 134 Заңымен 9-бап Тұрғын үйге құқық өзге де мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар Егер Конституцияда заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты құқықтары мен міндеттері бірдей болады Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында меншік құқығында тұрғын үйі (уақытша болатын шетелдіктерді қоспағанда) және өзге де мүлкі болуы, Конституцияда заңдарда және халықаралық заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда, ғылым әдебиет және өнер туындыларының ашылудың өнертабыстың рационализаторлық ұсыныстың өнеркәсіптік үлгінің авторлық құқықтары сондай-ақ өзге де мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары болуы мүмкін келісім-шарттар Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер өздерінің мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде пайдаланады Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктердің Қазақстан Республикасының заңнамасында және халықаралық шарттарында белгіленген негіздерде және тәртіппен мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды пайдалануға құқығы бар Ескерту 9-бапқа өзгеріс енгізілді-ҚР 2001.03.01 № 160 24.11.2015 № 421V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен 10-бап Білім алу Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепалды бастауыш негізгі орта және жалпы орта білім алуға Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең құқықтары болады