Нормативтік құқықтық актілер туралы

Ескерту Күші жойылды-ҚР 06.04.2016 № 480V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)       Пайдаланушылардың назарына       РҚАО пайдаланудың ыңғайлылығы үшін Мазмұн кестесі жасалды 1 тарау Жалпы ережелер        1-бап Қазіргі кезде қолданылатын негізгі ұғымдар                 Заңда       Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:       1) заң аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайтын Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағында көзделген ал Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда-Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын негіз қалаушы қағидаттар мен нормаларды белгілейтін нормативтік құқықтық акт;       1-1) заң техникасынормативтік құқықтық актілерді ресімдеу тәсілдерінің талаптары мен қағидаларының жиынтығы;       2) заң актісіКонституциялық Заң Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар жарлығы кодекс заң Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулысы, Сенат пен Мәжілістің қаулылары;       3) заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерзаңнамалық және иерархия бойынша жоғары тұрған өзге де нормативтік құқықтық актілердің негізінде және (немесе) орындау және (немесе) одан әрі іске асыру үшін шығарылатын, заңнама болып табылмайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;       4) заңнамабелгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы;       5) кодексосы Заңның 3-1-бабында көзделген біртекті аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктірілген және жүйеленген заң;       6) Конституциялық Заң Қазақстан Республикасының Конституциясында конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен қабылданатын заң;       7) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімі-Нормативтік құқықтық актілердің деректемелерін және осы актілер туралы ақпараттықанықтамалық сипаттағы басқа да мәліметтерді қамтитын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік есепке алудың бірыңғай жүйесі;       8) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі-мәліметтері Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған баспа және электрондықцифрлық нысандағы нормативтік құқықтық актілердің (өзгерістермен және толықтырулармен) жиынтығы;       9) Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң-Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен қабылданатын заң;       10) құқық нормасы-реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберінде жеке айқындалмаған адамдар тобына таралатын, бірнеше рет қолдануға есептелген тұрақты немесе уақытша сипаттағы мінез-құлықтың жалпыға міндетті ережесі;       11) Нормативтік құқықтық актреферендумда не мемлекеттің уәкілетті органы немесе лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат сондай-ақ жазбаша ресми құжатқа ұқсас және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондықцифрлық нысандағы құжат;       11-1) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі-осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен мемлекеттік тіркеу нөмірі мен мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің деректемелерін қамтитын жазбаша тізбе;       12) нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау-Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестігіне сараптамадан өткен нормативтік құқықтық актілердің баспасөз басылымында жариялануы;       12-1) нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі-Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі туралы ақпаратты жинау бағалау талдау бойынша сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін ескірген және сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық нормаларын анықтау, оларды іске асыру тиімділігін бағалау мақсатында оның даму серпіні мен қолдану практикасының болжамы бойынша тұрақты негізде жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың қызметі;       13) Нормативтік құқықтық актінің деңгейі-нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер иерархиясындағы заңды күшіне қарай оның орны;       14) нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау-нормативтік құқықтық актінің толық мәтінін жалпыға бірдей мәлімет үшін ресми және мерзімді баспа басылымдарында сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернетресурста қол қойылған түпнұсқаларға толық сәйкес графикалық форматта жариялау;       15) уәкілетті орган – нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының Конституциясында осы Заңда сондай-ақ осы органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесін айқындайтын заңнамада белгіленген құзыретіне сәйкес қабылдауға құқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары олардың ведомстволары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы орталық атқарушы органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзге де мемлекеттік органдар);       16) Уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органдары әзірлеген және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізуге жататын заңдардың жобалары бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің түпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптаманы жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым       Ескерту 1-бап жаңа редакцияда-ҚР 2006.12.29 N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-бапты қараңыз) Заңымен; 2007.07.29 N 271 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 2008.07.04 N 57IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) 2011.01.10 № 383IV (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 2011.04.01 № 425IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.04.27 № 15V (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ҚР 03.07.2013 № 121V Конституциялық заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) 29.09.2014 № 239V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі ресми жариялау)       2-бап Осы Заңның қолданылу аясы       1. Заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және ұсыну қабылдау тіркеу қолданысқа енгізу өзгерту толықтыру қолданысын тоқтату немесе тоқтата тұру жариялау ерекшеліктері олардың деңгейіне нормативтік құқықтық актілерді қабылдайтын мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін заңнамалық актілерге осы органдардың құқықтық мәртебесін айқындайтын актілерге сәйкес айқындалады оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын ерекшеліктерді қоспағанда, олар туралы ережелермен және олардың регламенттерімен басқа да нормативтік құқықтық актілермен, Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларына қатысты       2. Осы Заң Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдау өзгерту және оның қолданылуын тоқтату тәртібін реттемейді       3. Осы Заң халықаралық шарттарды дайындау жасасу орындау және күшін жою тәртібін реттемейді       4. Осы Заңда заңнамаға сәйкес қабылданған бірақ осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында келтірілген талаптарға жауап бермейтін және құқық іске асыратын және құқық қолдану маңызы бар нормативтік актілерді әзірлеу ұсыну қабылдау қолданысқа енгізу, қолдану жариялау өзгерту толықтыру және олардың қолданылуын тоқтату тәртібі айқындалмайды, атап айтқанда:       1) мемлекеттік емес ұйымдардың оның ішінде қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік актілерін;       2) уәкілетті органдар болып табылмайтын мемлекеттік ұйымдардың нормативтік актілерін;       3) Алып тасталды-ҚР 03.07.2013 № 121V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)       Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген нормативтік актілерде құқық нормалары болмауы тиіс       Ескерту 2-бапқа өзгерту енгізілді-ҚР 2002.03.06 N 298 2004.06.16 N 566 2006.12.29 N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) 2008.07.04 N 57IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) 2011.04.01 № 425IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) заңдарымен. Қазақстан Республикасының 03.07.2013 № 121V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)       3-бап Нормативтік құқықтық актілердің негізгі және туынды түрлері                 құқықтық актілер       1. Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды болып бөлінеді       2. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түріне мыналар жатады:       1) Конституция конституциялық заңдар кодекстер заңдар;       2) Қазақстан Республикасы Президентінің күші бар Жарлықтары заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық жарлықтары;

Дата публикации
09 июня 2025