Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы

Ескерту Күші жойылды-ҚР Үкіметінің 08.05.2025 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен       Ескерту Тақырыбы жаңа редакцияда-ҚР Үкіметінің 2020.03.18 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен       Кәмелетке толмағандардың қылмыстарының құқық бұзушылықтарының және қадағалаусыз қалуының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау проблемаларын кешенді шешуді іске асыруға бірыңғай мемлекеттік тәсілді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:       1. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметі туралы қоса беріліп отырған Үлгілік ереже бекітілсін       Ескерту 1-тармақ жаңа редакцияда-ҚР Үкіметінің 2020.03.18 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен       2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді             ПремьерМинистр Қазақстан Республикасының Бекітілген Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 маусымдағы N 789 Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметі туралы Үлгілік ереже       Ескерту Үлгілік ереже жаңа редакцияда-ҚР Үкіметінің 09.01.2025 № 4 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 1 тарау Жалпы ережелер       1. Осы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметі туралы Үлгілік ереже (бұдан әрі Үлгілік ереже) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі Комиссия) мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды       2. Комиссия кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады       3. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Бала құқықтары туралы" "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының заңдары осы Үлгілік ереже және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде жүзеге асырады       4. Облыстық қалалық аудандық қалада ауданда комиссиялар тиісті жергілікті атқарушы органның (әкімдіктің) жанынан құрылады       5. Қажет болған жағдайда Комиссия аудан орталығынан едәуір қашықтықта орналасқан кент ауыл ауылдық округ әкімінің жанынан құрылуы мүмкін Кент ауыл ауылдық округ әкімі жанындағы комиссияның аудандық комиссияның құқықтары мен міндеттері бар Комиссияның кенттік ауылдық ауылдық округтерін құру туралы шешімді облыстық әкімдік қабылдайды ал дербес құрамды тиісті ауданның мәслихаты бекітеді       6. Облыстық комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның бақылауында болады және есеп береді       Қалалық аудандық қалада ауданда комиссиялар өз қызметінде облыстық комиссияның бақылауында болады және есеп береді 2 тарау Комиссияның міндеті мен функциялары       7. Комиссияның негізгі міндеті кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылық пен қатыгездіктен кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамға жат әрекеттерден қорғау жөнінде шаралар қабылдау болып табылады       8. Облыстық комиссия өз құзыреті шегінде:       1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастан, кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамға жат әрекеттерден қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;       2) мемлекеттік органдардың кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің профилактикасы оларды әлеуметтік оңалту жөніндегі қызметін жетілдіруге бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлейді;       3) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының жай-күйін сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастың жай-күйін зерделейді және осы мәселелер бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;       4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдардың оң жұмыс тәжірибесін жинақтайды және таратады, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;       5) мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің профилактикасы олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, медициналықәлеуметтік есепке алуды жүргізу жөніндегі жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есептерін тыңдайды және жетекшілік ететін мәселелер бойынша олардың арасында ақпарат алмасуды ұйымдастырады;       6) Бұқаралық ақпарат құралдарында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің профилактикасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды жариялауды ұйымдастырады;       7) қалалық аудандық Қаладағы аудан комиссияларының қызметіне мониторингті жүзеге асырады;       8) қалалық аудандық Қаладағы аудан комиссияларының қызметін үйлестіреді       9. Қалалық аудандық өз құзыреті шегінде қалада комиссия ауданында:       1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастан, кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамға жат әрекеттерден қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;       2) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу оқыту күтіп-бағу жағдайларын бақылауды қамтамасыз етуге қатысады;       3) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының жай-күйін сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастың жай-күйін зерделейді және осы мәселелер бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;       4) кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу мәселелері бойынша сотқа материалдар дайындауға қатысады;       5) қылмыстықатқару жүйесі мекемелерінен босатылған не арнаулы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды Еңбек және тұрмыстық орналастыруда сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту жөніндегі өзге де функцияларды жүзеге асыруда мүдделі органдардың қызметін үйлестіреді 3-тарау Комиссия қолданатын шаралар       10. Кәмелетке толмағандарды орналастыру жөніндегі қалалық және аудандық комиссия қабылдайтын шаралар:       1) кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге және оқытуға қылмыстардың құқық бұзушылықтардың және қадағалаусыз қалудың профилактикасына жауапты басқа да органдармен бірлесіп, олардың өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайдағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж, білім беру ұйымдарына ұзақ уақыт бармайтын кәмелетке толмағандарды анықтайды олардың дербес есебін жүргізеді, осы кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешім қабылдайды және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылайды;       2) кәмелетке толмағанды орналастыру туралы шешімді білім ішкі істер денсаулық сақтау органдарына, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға, отбасын қолдау орталығына жібереді олар екі апта мерзімде комиссияға өздері қабылдаған шаралар туралы хабарлайды;       3) арнаулы білім беру ұйымынан, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымынан шыққан кәмелетке толмағандарды күтіп-бағу үшін тәрбие колониясынан немесе орташа қауіпсіздік мекемесінен босатылған кәмелетке толмағанның бұрынғы тұрғылықты жеріне оралуы ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің болмауына ата-анасының ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты сондай-ақ кәмелетке толмағандарды күтіп-бағу үшін кәмелетке толмағанның мінез-құлқына теріс әсер етуі мүмкін өзге де себептер бойынша аталған мекемелердің орналасқан жері бойынша орналасқан Комиссия, кәмелетке толмағанды білім беру ұйымына орналастыру немесе оның мүдделерін ескере отырып жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар қабылдайды сондай-ақ ол үшін тұрғын үйтұрмыстық жағдайлар жасау жөнінде көмек көрсетеді, кәмелетке толмағанның жазбаша өтініші және тиісті мекеме әкімшілігінің дәлелді қорытындысы берілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мәселені қарайды Қажет болған жағдайларда Комиссия кәмелетке толмаған адамға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу үшін тиісті қорғаншылық және қамқоршылық органына жүгінеді       11. Кәмелетке толмағанға қатысты қалалық және аудандық комиссия қолданатын ықпал ету шаралары

Дата публикации
09 июня 2025