Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы

Пайдаланушылардың назарына       РҚАО пайдаланудың ыңғайлылығы үшін Мазмұн кестесі жасалды       РҚАО-ның ескертпесі       Осы ҚР Заңын қолданысқа енгізу тәртібін 30-баптан қараңыз       Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және адам мен азаматтың қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мазмұны мен қағидаттарын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін мақсаттары мен бағыттарын айқындайды 1 тарау ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар       Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:       1) ақпараттық инфрақұрылымақпаратты қалыптастырудың құрудың түрлендірудің өңдеудің берудің пайдаланудың және сақтаудың техникалық құралдары мен жүйелерінің жиынтығы;       2) ақпараттық кеңістікақпаратты қалыптастыруға құруға түрлендіруге өңдеуге беруге пайдалануға сақтауға байланысты, оның ішінде жеке және қоғамдық санаға ақпараттық инфрақұрылымға және ақпараттың өзіне әсер ететін қызмет саласы;       3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі – бұдан әріұлттық қауіпсіздік) адам мен азаматтың қоғам мен мемлекеттің серпінді дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінің нақты және әлеуетті қатерлерден қорғалу жағдайы;       4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету (бұдан әрі – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету) ұлттық мүдделерді нақты және әлеуетті қатерлерден қорғауға бағытталған ұлттық қауіпсіздік субъектілерінің қызметі;       5) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі-ұлттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясат шеңберінде Ұлттық қауіпсіздік субъектілері іске асыратын құқықтық ұйымдастырушылық экономикалық техникалық және өзге де шаралар жиынтығы;       6) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері-мемлекеттің адам және азамат құқықтарын, қазақстандық қоғамның құндылықтарын және конституциялық құрылыс негіздерін қорғауды қамтамасыз ету қабілетін іске асыруға байланысты Қазақстан Республикасының заңмен танылған саяси экономикалық әлеуметтік және басқа да қажеттіліктерінің жиынтығы;       7) ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлер-Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін іске асыруға кедергі келтіретін немесе кедергі келтіруі мүмкін сыртқы және ішкі факторлардың (процестер мен құбылыстардың) жиынтығы;       8) Ұлттық қауіпсіздік объектілеріадам оның өмірі құқықтары мен бостандықтары қоғам оның материалдық және рухани құндылықтары мемлекет оның конституциялық жүйесі;       9) Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы-ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы негізгі проблемалар мен қатерлерді стратегиялық мақсаттар мен нысаналы индикаторларды міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштерін айқындайтын Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму құжаты;       10) ұлттық қауіпсіздік субъектілері-өз өкілеттіктерін биліктің заң шығарушы атқарушы және сот тармақтары органдары сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдары арқылы жүзеге асыратын мемлекет 2-бап Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық негіздері       1. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады       2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше нормалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады       3. Халықаралық шарттар жасасуға жол берілмейді:       1) ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге қабілетті немесе Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жоғалтуға әкеп соғатын;       2) Қазақстан Республикасының егеменді құқықтары саласын тарылтады 3-бап Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаттары       Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаттары:       1) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтау;       2) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;       3) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету күштерінің әрекеттерін жедел өзара хабардар ету және келісу;       4) ұлттық қауіпсіздіктің барлық түрлерінің бірлігі өзара байланысы және теңгерімділігі, жағдайдың дамуына байланысты олардың басымдылығын жедел өзгерту;       5) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде алдын алуалдын алу шараларының басымдығы;       6) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының ұлттық қауіпсіздікке келтірілген және (немесе) ықтимал залалдың ауқымы мен сипатына уақтылы және барабарлығы;       7) адам мен азамат қоғам және мемлекет мүдделерінің теңгерімін сақтау олардың өзара жауапкершілігі;       8) ұлттық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі іс-қимылдардың барлық жиынтығын іске асыруды бақылауда ұстау;       9) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін халықаралық қауіпсіздік жүйелерімен интеграциялау;       10) мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін нақты ажырату 4-бап Ұлттық қауіпсіздік түрлері       Ұлттық қауіпсіздік түрлері:       1) қоғамдық қауіпсіздіказаматтардың өмірін денсаулығы мен әл-ауқатын қазақстандық қоғамның руханиадамгершілік құндылықтарын және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қоғамның тұтастығы мен оның тұрақтылығы қамтамасыз етілетін нақты және әлеуетті қатерлерден қорғау жағдайы;       2) Әскери қауіпсіздік-адамның және азаматтың қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің әскери күш қолдануға немесе оны қолдану ниетіне байланысты сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалу жайкүйі;       3) саяси қауіпсіздік-азаматтардың әлеуметтік топтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы және олардың мүдделерінің тепе-теңдігі, мемлекеттің тұрақтылығы тұтастығы және қолайлы халықаралық жағдайы қамтамасыз етілетін конституциялық құрылыс негіздерінің, мемлекеттік органдар жүйесі қызметінің және мемлекеттік басқару тәртібінің нақты және әлеуетті қатерлерден қорғалу жайкүйі;       4) Экономикалық қауіпсіздік-Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикасының орнықты дамуы мен экономикалық тәуелсіздігі қамтамасыз етілетін нақты және әлеуетті қатерлерден қорғалуының жайкүйі;       5) Ақпараттық қауіпсіздік-Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінің сондай-ақ ақпараттық саладағы адам мен азаматтың қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен мүдделерінің елдің орнықты дамуы мен ақпараттық тәуелсіздігі қамтамасыз етілетін нақты және әлеуетті қатерлерден қорғалуының жайкүйі;       6) экологиялық қауіпсіздік-адамның және азаматтың қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсер ету нәтижесінде туындайтын қауіптерден қорғалу жайкүйі 5-бап Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мүдделері       1. Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мүдделері:       1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;       2) заңдардың дәл және біркелкі орындалуы және құқықтық тәртіпті сақтау;       3) елдегі қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық;       4) қазақстандық патриотизм және Қазақстан халқының бірлігі;       5) қазақстандық қоғамның материалдық және руханиадамгершілік құндылықтарын сақтау және көбейту;       6) азаматтар мен қоғамның әл-ауқатын жақсарту қажеттіліктеріне барабар Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің деңгейі мен сапасына қол жеткізу және қолдау;       7) қоғамның және азаматтардың әлеуметтікэкономикалық инновациялық және зияткерлік даму қажеттіліктеріне барабар елдің білім беру деңгейі мен сапасына және ғылыми әлеуетіне қол жеткізу және қолдау;       8) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының оның ішінде Тәуелсіздігінің біртұтастығы мен президенттік басқару нысанының, мемлекеттік шекараның тұтастығының қол сұғылмаушылығының және ел аумағының бөлінбейтіндігінің мызғымастығы;       9) мемлекеттік институттардың тұрақты жұмыс істеуі, олардың қызметінің тиімділігін арттыру;       10) бүкіл Қазақстан халқының игілігі үшін экономикалық даму;       11) экономикалық қауіпсіздікті толық көлемде қамтамасыз ететін агроөнеркәсіптік отынэнергетикалық кешендер Көлік және өндірістік салалар қаржы жүйесі субъектілерінің орнықты жұмыс істеуі;       12) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету;       13) Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін толық көлемде қамтамасыз ететін қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыруды қамтамасыз ету және қорғанысөнеркәсіп кешенінің отандық субъектілерін дамыту;       14) бәсекеге қабілетті және қорғалатын ұлттық ақпараттық кеңістікті қолдау және дамыту;       15) қоршаған ортаның жай-күйін сақтау және жақсарту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;       16) Қазақстан Республикасының даму басымдықтарына сай келетін халықаралық ынтымақтастықтың жай-күйі;       17) халықаралық деңгейде Қазақстан Республикасының оң имиджі мен беделін нығайтуға бағытталған саяси бастамаларды ілгерілету;       18) Қазақстан халқы мен аумағын төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар кезінде немесе осы қақтығыстар салдарынан туындайтын қауіп-қатерлерден бейбіт және соғыс уақытында қорғау       2. Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен толықтырылуы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен нақтылануы мүмкін       Ескерту 5-бапқа өзгеріс енгізілді-ҚР 03.07.2013 № 124V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 6-бап Ұлттық қауіпсіздікке төнетін негізгі қауіптер

Дата публикации
09 июня 2025