РҚАО-ның ескертпесі Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібін 27-баптан қараңыз Пайдаланушылардың назарына РҚАО пайдаланудың ыңғайлылығы үшін Мазмұн кестесі жасалды Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға бағытталған 1 тарау ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап Осы Заңда қамтылған кейбір ұғымдарды түсіндіру Осы Заңда қамтылған ұғымдар мынадай мағынада қолданылады: 1) Әкімшілікшаруашылық функцияларҚазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ұйымның балансындағы мүлікті басқару және оған билік ету құқығы; 1-1) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам-мемлекеттің функциялары мен мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгіленген лауазымды атқаратын адам оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты судья сол сияқты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес саяси қызмет атқаратын адам; мемлекеттік лауазымы не "А"корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымы; 2) лауазымды адам тұрақты уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда жергілікті өзін-өзі басқару органдарында сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдықөкімдік немесе әкімшілікшаруашылық функцияларды орындайтын адам; 2-1) мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқару функцияларын орындайтын адам-көрсетілген ұйымдарда ұйымдықөкімдік немесе әкімшілікшаруашылық функцияларды тұрақты уақытша не арнайы өкілеттік бойынша орындайтын адам; 3) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы Заңдарына сәйкес мемлекеттік қызметші мәслихат депутаты сондай-ақ мемлекеттік қызметке тағайындалғанға дейін мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адам; 4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам-жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адам Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына аудандық маңызы бар қалалардың кенттердің ауылдардың ауылдық округтердің әкімдеріне кандидат ретінде тіркелген азамат а сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органының мүшелігіне; еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті қаражатынан жүргізілетін жергілікті өзін-өзі басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін қызметші мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқару функцияларын орындайтын адам Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері; Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасына сәйкес әрекет ететін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілері; 5) мүдделер қақтығысы-жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың оларға теңестірілген адамдардың лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық бұл ретте аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін; 6) Сыбайлас жемқорлықжауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың лауазымды адамдардың жеке өзі немесе делдалдар арқылы мүліктік (мүліктік емес) игіліктерді алу немесе алу мақсатында өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді заңсыз пайдалануы немесе үшінші тұлғалар үшін артықшылықтар сол сияқты осы тұлғаларға игіліктер мен артықшылықтар беру арқылы пара беру; 7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатсыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес өзге де шаралар; 8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулеросы Заңда белгіленген және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер; 9) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау жолын кесу ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарын жою жөніндегі өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметі; 10) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган-Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы орталық атқарушы орган және оның ведомствосы олардың Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру жөніндегі функцияларды өз өкілеттіктері шегінде жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелері; 11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықзаңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қарсы кінәлі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік); 12) сыбайлас жемқорлық тәуекелісыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі; 13) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу-сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу жолымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу анықтау шектеу және жою жөніндегі қызметі; 14) ұйымдастырушылықөкімдік функцияларҚазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызмет бойынша бағынысты адамдардың орындауы үшін міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығаруға сондай-ақ бағыныстыларға қатысты көтермелеу шаралары мен тәртіптік жазаларды қолдануға берілген құқық; Ескерту 1-бапқа өзгеріс енгізілді-ҚР 06.04.2016 № 484V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 19.04.2019 № 249VI (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) 03.07.2019 № 262VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен 26.11.2019 № 273VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 2-бап Осы Заңның қолданылу аясы 1. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады 2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінде көзделген 3-бап Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады 4-бап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл қағидаттар негізінде жүзеге асырылады: 1) заңдылық; 2) адам мен азаматтың құқықтарын бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың басымдығы; 3) жариялылық пен ашықтық; 4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы; 5) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану; 6) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану; 7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу; 8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы 5-бап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы іске асырылады: 1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру; 2) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою; 3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту; 4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту; 5) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау жолын кесу ашу және тергеп-тексеру 2 тарау СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫ 6-бап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі: 1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг; 2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау; 3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; 3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу;