Абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Сумен қамтамасыз ету
Бородулиха ауданында 49 елді мекен, 18 ауылдық округ бар, оларды сумен қамтамасыз етумен "Белағаш топтық су құбыры" ШҚК (Абай облысы, Бородулиха ауданы) және "Востокэнерго" ЖШС айналысады. Халықтың 98,5%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.
"Абай облысы, Бородулиха ауданы, Белағаш топтық су құбыры" ШҚК 27 елді мекенге қызмет көрсетеді, су құбырының жалпы ұзындығы – 332,2 км, оның ішінде 35,7 км жөндеуді қажет етеді. Қызмет көрсетілетін халық саны – 23 177 адам.
"Востокэнерго" ЖШС Жезкент кенті мен Орловка ауылындағы 2 елді мекенге қызмет көрсетеді. Су құбыры желісінің ұзындығы – 58 км (2021 жылы 403 метр су құбыры ауыстырылды, ауыстыруды қажет ететін ұзындық – 41,16 км). Қызмет көрсетілетін абоненттер саны – 3 788 (8 378 адам).
Бородулиха ауданында БМС (блокты-модульдік станциялар) келесі елді мекендерде орналасқан: Речное ауылы, Барышевка, Солоновка, Пол-Лог, Успенка, Боровое, Боровлянка, Знаменка, Изатулла ауылдары.
2025 жылы Переменовка ауылында су құбыры желісінің құрылысы жоспарланып отыр, жалпы құны – 1 155 000,0 мың теңге. Конкурс процедуралары жүргізілуде.
Абаттандыру
2025 жылдың көктемгі кезеңінде аудан округтеріне бөлініп, отырғызылған 3837 түп ағаш көшеті сатып алынды, оның ішінде: 1050 – қарағай, 720 – шырша, 677 – қайың, 730 – терек, 660 – жұмсақ жапырақты қарағаш.