Бородулиха ауданы қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің, азаматтардың қатарынан Бородулиха ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесін сайлау бойынша конкурс жариялайды.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының                                2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына, «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 қаулысына сәйкес жұмыс тобы қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан қалыптастырады. Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің мерзімі үш жылды құрайды. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауы тиіс.

Бородулиха ауданының Қоғамдық кеңесінің сандық құрамы жұмыс тобымен 13 адам болып белгіленді.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                      10-бабының 1-тармағына сәйкес Бородулиха аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамына үміткерлерге келесі талаптар қойылады:

Дата публикации
29 мая 2025