- Осы Бородулиха ауданының Қоғамдық кеңесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі–Заң) 2-1-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес әзірленді.
Бородулиха ауданының Қоғамдық кеңесі (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) –Бородулиха ауданының жергілікті органдарымен өздерінің құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы орган.