ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 20 сәуірде Бородулиха ауданының Подборный ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының Подборный ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Подборный сайлау округі бойынша
Подборный ауылдық округі әкімінің сайлауы
Подборный сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 570 сайлаушлар енгізілді, оның ішінде 522 дауыс берді.
Подборный ауылдық округінің әкімі болып Шалгумбаев Алмас Айдомбекұлы сайланды, 1986 жылы туған, «Подборный ауылдық округі әкімнің аппараты» ММ - әкім, Абай облысы, Бородулиха ауданы, Камышенка ауылының тұрғыны, «АMANAT» саяси партиясынан ұсынылған.
Аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2025 жылғы 21 сәуірде шешімімен Бородулиха аудандық Подборный ауылдық округі әкімі болып сайланған – Шалгумбаев Алмас Айдомбекұлы тіркелді.
Аумақтық сайлау комиссиясы