"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12) тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау Қағидаларының 39-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары негізінде, Жергілікті атқарушы органдар 2024 жылға 2023 жылғы 19 желтоқсандағы Абай облысы Бородулиха ауданы әкімі аппараты басшысының № 43-р бұйрығымен және 2024 жылғы 26 тамыздағы бақылау іс-шарасын тағайындау туралы № 8-р бұйрығымен бекітілген Абай облысы Бородулиха ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы, Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы Примак В. М., бөлімнің бас маманы Гришина Т. А., 2024 жылғы 27-28 тамыз аралығында, "Абай облысы Бородулиха ауданы Переменов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ (бұдан әрі - Аппарат) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау іс-шаралары өткізілді, мекен-жайы: Абай облысы, Бородулиха ауданы, Переменовка ауылы, Болашақ көшесі, 2.