жаттығу сәуір

2025 жылғы 7 сәуірде «Ауыл, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Подборный ауылдық округі сайлау комиссиясының төрағалары, орынбасарлары, хатшылары және мүшелері қатысты.

            Жиында Бородулиха ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Р.Харченко сөз сөйлеп, сайлау туралы заңның кент, қала, ауылдық округ әкімдерін сайлауға қатысты нормаларын түсіндірді.            

            Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары В.Г.Драчев сайлау процесінің құқықтық негіздерімен және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастырумен, Қазақстан Республикасындағы сайлау науқандарын ұйымдастыру негіздерімен таныстырды. 

           Хаттамалар мен басқа да құжаттарды дайындау бойынша аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы А.Р.Мұхаева сөз сөйледі.

            Семинар соңында АСК мүшелері УСК төрағаларының сұрақтарына жауап берді.

Дата публикации
08 апреля 2025