Сайлау нәтижелері

ХАБАРЛАМА

 

2025 жылғы 16 наурызда Бородулиха ауданының Жезкент кенттік округі әкімінің сайлауы өтті.

         Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының Жезкент кенттік округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Жезкент сайлау округі бойынша

Жезкент кенттік округі әкімінің сайлауы

 

         Жезкент кенттік округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4735 сайлаушылар енгізілді, оның ішінде 2520 дауыс берді.

         Жезкент кенттік округінің әкімі болып Садықова Бақыт Рыскұлқызы сайланды, 1978 жылы туған, «Отбасын қолдау орталығы» КММ -  директорының м.а., Абай облысы, Бородулиха ауылының тұрғыны, «АMANAT» саяси партиясынан ұсынылған.

Аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2025 жылғы 17 наурыздағы  шешіммен Бородулиха аудандық Жезкент кенттік округі әкімі болып сайланған – Садықова Бақыт Рыскұлқызы тіркелді.

 

 

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
17 марта 2025