Абай облысы
Бородулиха ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Бородулиха ауданының Подборный ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Бородулиха ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Бородулиха ауданының Подборный ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылдың 20 сәуірғе тағайындалсын.
- 2025 жылғы 20 сәуірғе тағайындалған Бородулиха ауданының Подборный ауылдық округі әкімнің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Бородулиха ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында және аудандық «Жана Уакыт», «Новое Время» газетінде жариялансын.
Сайлау
комиссиясының төрағасы С.Харченко
Сайлау
комиссиясының хатшысы А. Мухаева
Бородулиха ауылы
2025 жыл 12 наурыз
№ 13