Бородулиха ауданының 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есеп
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдармен ауданда 176 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2024 жылы Бородулиха ауданының тұрғындарына жергілікті атқарушы органдармен 3359 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
Әрбір ауылдық округ әкімдігінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді, 2024 жыл ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы -8399 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тарту саны-281.
2024 жылы қызметтердің жалпы санынан электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 99% құрады.
Әрбір ауылдық округ әкімдігінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді, 12 жыл ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы -8399 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 2024 жылы 8 бақылау іс-шарасы өткізілді.
Тексеру нәтижелері бойынша өрескел заң бұзушылықтар анықталған жоқ, 1 маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына халыққа мемлекеттік қызметтердің уақытылы және сапалы көрсетілуіне бақылауды күшейту ұсынылды.
Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар халыққа әдістемелік көмек көрсету мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ауданның ауылдық әкімдіктері мен дербес бөлімдері Бородулиха ауданы әкімінің ресми парақшасында және Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфирлер жүргізді. 2024 жылы 24 тікелей эфир жүргізіліп 19 000 тұрғын қамтылды.
2023 жылдың қараша айында аудан бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін 26 маман Семей қаласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша оқудан өтіп, сертификаттар алды.
Ауданда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту үшін қабылданатын шаралар жалғасуда, мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету бойынша мониторинг тұрақты негізде жүргізіледі.