«Абай облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ заң бөлімі туралы ереже

  1. 1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Заң қызметі «Абай облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
    2. Заң қызметі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
    3. Заң қызметінің жұмысы ұлттық заңнаманың тұтастығын қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызға ие және тиісті салада мемлекеттік саясатты іске асыруды құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған.
    4. Заң қызметіне мемлекеттік орган аппаратының басшысы не мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның шешімі бойынша оның орынбасарларының бірі заңнамада көзделген жағдайларда жетекшілік етеді.
    5. Заң қызметінің құрылымын және штат санын мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітеді.

    Бұл ретте заң қызметі қызметкерлерінің штат саны мемлекеттік орган қызметкерлерінің жалпы штат санының кемінде 5 %-ын құрауға тиіс. Орталық аппаратының штат саны 500 және одан көп бірлікті құрайтын мемлекеттік органдарға қатысты 5 %-ды есептеу 500-ден жүргізіледі;

    1. Заң қызметі мыналардан:

    1) Бөлім басшысы;

    2) Бас маман;

    3) Бас маманнан тұрады.

Дата публикации
27 февраля 2025