«Абай облысы Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің

2022 жылғы «___»_________

№___ қаулысымен БЕКІТІЛГЕН

 

 

«Абай облысы Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. "Абай облысы Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) азаматтардың әлеуметтік оптимизмін қалыптастыруда, ақпарат, мемлекеттілікті нығайту саласында мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде іске асыру саласында басшылықты жүзеге асырады.
  2. "Абай облысы Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. "Абай облысы Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. "Абай облысы Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. "Абай облысы Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. "Абай облысы Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Абай облысы Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. "Абай облысы Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 070400, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 69.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Абай облысы Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі
  10. Осы Ереже "Абай облысы Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. "Абай облысы Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. "Абай облысы Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Абай облысы Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімі"мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер "Абай облысы Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

Дата публикации
24 февраля 2025