"Бекітемін" Бородулиха ауданының әкімі __________________А Нұрғожин "_ "________ 2022 жыл ЕРЕЖЕ Абай облысы Бородулиха ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөлімі Жалпы ережелер Ұйымдастыру жұмысы Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөлімі аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады Өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын басшылыққа алады Бөлім аудан әкімі аппаратының басшысы бекіткен жоспарлар бойынша жұмыс істейді Бөлім қызметінің негізгі функциялары мен бағыттары: Аудан әкімі аппаратымен, облыс әкімі аппаратымен, ауылдық және кенттік округ әкімдерімен дербес бөлімдермен және аудан ұйымдары мен мекемелерінің басшыларымен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты жүзеге асырады ҚР Президентінің Жарлықтарының басқа да заңнамалық актілерінің Үкімет қаулыларының, облыстық және аудандық әкімдіктердің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді Ауылдық және кенттік округтердің әкімдеріне дербес бөлімдерге Республика заңдарын орындауда, жарлықтарды қаулыларды іске асыруда Қазақстан Республикасының Президенті облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін іске асыруда практикалық көмек көрсетеді Тексеру нәтижелерін жинақтайды қажет болған жағдайда аудан әкімінің қарауына заңнамалық актілердің орындалуына кедергі келтіретін себептерді жою сондай-ақ жарлықтарды немесе атқарушы органдардың өзге де шешімдерін бұзатын лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді Аудандық мәслихат аппаратымен өзара іс-қимыл жасайды Аудан әкімдігінің отырыстарын дайындау кезінде ұйымдастыру жұмыстарына байланысты мәселелер бойынша материалдар дайындайды Мәслихатпен бірлесіп Қазақстан Республикасы Президентінің Сенаттың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің облыстық және аудандық мәслихаттардың сайлауын материалдық техникалық қамтамасыз ету, республикалық референдумдар өткізу жөніндегі құжаттарды дайындайды Сайлаушыларды салыстырып тексеру жүргізу сайлаушылардың сандық құрамы бойынша тоқсан сайынғы ақпарат беру СМЖ сертификаттауға дайындықты енгізу бойынша жұмысты жүзеге асырады СМЖ 402-07 "ұйымдық құжаттаманы басқару" 404-07 "сыртқы құжаттарды басқару" 804-07 "түзету және алдын алу іс-әрекеттері" 710-07 "әкімнің аудан халқымен есептік кездесулері" 711-07 "БАҚ жұмысы"рәсімдерін жақсарту бойынша жоспарлауды орындауды бақылауды іс-қимылдарды жүргізеді Мемлекеттік қызметтердің мониторингін қамтамасыз етеді Интернет желісінің, аудан әкімі аппаратының жергіліктіесептеу желісінің, "жеке тұлғаларды есепке алу"деректер базасының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету Аудан әкімі аппараты қызметшілерінің ақпараттық қауіпсіздік техникалық құжаттамасының талаптарын орындау бойынша ақпараттық қауіпсіздік саясатының және міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету Аудан әкімі аппаратында есептеу техникасына техникалық және бағдарламалық қызмет көрсету Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау Бөлім басшысының құқықтары мен міндеттері бөлім басшысы бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады бөлім қызметкерлерін тағайындау және босату туралы ұсыныстар енгізеді, қызметкерлер арасында міндеттерді бөледі Бөлім құқылы белгіленген тәртіппен аудан әкімдігінің отырыстарына материалдар мен құжаттарды дайындау кезінде аудан әкімі бөлімінің жұмысына тарту дербес бөлімдерден ауылдық және кенттік округтер әкімдерінен ұйымдастыру жұмысы мәселелері бойынша олардың қызметіне талдау жүргізу үшін қажетті ақпарат пен басқа да материалдарды сұратуға қажет болған жағдайда аудан әкімі аппаратының бөлімдерінің қызметкерлерін аудан әкімдігінің отырыстарын және ауданда өткізілетін басқа да іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысуға тарту Аппарат басшысы аудан әкімі Э. Бергенев