сайлау нәтижелері

ХАБАРЛАМА

 

2024 жылғы 01 желтоқсанда Бородулиха ауданының Жерновка ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

         Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының Жерновка ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Жерновка сайлау округі бойынша

Жерновка ауылдық округі әкімінің сайлауы

 

         Жерновка сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 655 сайлаушлар енгізілді, оның ішінде 553 дауыс берді.

Жерновка ауылдық округінің әкімі болып Деревянко Елена Яковлевна сайланды, 1965 жылы туған, «Жерновка ауылдық округі әкімнің аппараты» ММ -  әкім, Абай облысы, Бородулиха ауданы, Жерновка ауылының тұрғыны, «АMANAT» саяси партиясынан ұсынылған.

Аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2024 жылғы 02 желтоқсан  шешімімен Бородулиха аудандық Жерновка ауылдық округі әкімі болып сайланған – Деревянко Елена Яковлевна тіркелді.

 

 

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
02 декабря 2024