Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы туралы

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы                      туралы

 

Тәртіптік жаза қолдану және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру мақсатында ҚР Президентінің Жарлығымен 2022 жылғы 22 ақпанда ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы бекітілді.

Жаңа Әдеп кодексі қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және мемлекеттік қызметшілерде моральдық-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру үшін негіз болады.

Маңызды айырмашылық мынада: жеке тарауда адалдық, шыншыл, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану сияқты мемлекеттік қызметтің этикалық принциптері анықталған.

Кодекстің жаңа редакциясында «клиентке бағдарланған» мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және мемлекеттік қызметтер көрсетуде ашықтық қағидаттарын сақтау, сондай-ақ өтініштерді қарау кезінде бюрократия мен әуре-сарсаң көріністеріне жол бермеу жөнінде басым талаптар көзделген.

Сондай-ақ, Этикалық кодекс жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларының басқа жақтарын қамтиды. Мысалы, Кодекстің осы редакциясында бұрын қолданыстағы Кодекспен салыстырғанда Заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау, заңсыз уәделер бермеу және лауазымдық міндеттерін атқарумен байланысты кез келген сипаттағы заңсыз міндеттемелерді қабылдамау қажеттілігі туралы көзделген.

Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша пайдалану нормалары өзгеріссіз қалады.

 

Бородулиха ауданының әдеп жөніндегі уәкілі                              А. Кубаева

Дата публикации
26 ноября 2024