Хабарлама ұсыну туралы

Абай облысы  Бородулиха  ауданы Жерновка ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну туралы ақпарат

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2024 жылғы 23 қазанда Бородулиха ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 01 желтоқсанға Абай облысы, Бородулиха ауданы, Жерновка округ әкімдерінің сайлауын тағайындады.

2024 жылдың 24 қазандан бастап ауылдық округ әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

2024 жылдың 6 қарашадағы жағдай бойынша 3- кандидат ұсынылды.

2- кандидат өзін-өзі ұсынды, 1- кандидат - «AMANAT» партиясынан ұсынылды.

Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 5 қарашада сағат 18:00-де аяқталды.

Бородулиха  ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
06 ноября 2024