ЖОБА
Бородулиха ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулының Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Бородулиха ауданы әкімдігінің «Бородулиха ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 28 наурыздағы № 89 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №195387 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Бородулиха ауданының әкімі А.Ибраев