ХАБАРЛАМА
2024 жылғы 08 қыркуйекте Бородулиха ауданының Құнарлы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының Құнарлы ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Құнарлы сайлау округі бойынша
Құнарлы ауылдық округі әкімінің сайлауы
Құнарлы сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 553 сайлаушлар енгізілді, оның ішінде 433 дауыс берді.
Құнарлы ауылдық округінің әкімі болып Лазарев Григорий Петрович сайланды, 1969 жылы туған, «Құнарлы ауылдық округі әкімнің аппараты» ММ - әкім, Абай облысы, Бородулиха ауданы, Песчанка ауылының тұрғыны, «АMANAT» саяси партиясынан ұсынылған.
Аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2024 жылғы 09 қыркуйек шешімімен Бородулиха аудандық Құнарлы ауылдық округі әкімі болып сайланған – Лазарев Григорий Петрович тіркелді.
Аумақтық сайлау комиссиясы