референдум бойынша семинар

2024 жылдың 23 шілдесінде аудандық мәдениет үйінде «Республикалық референдум өткізу кезіндегі сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті. Семинарға УСК төрағалары, орынбасарлары, хатшылары және мүшелері қатысты.Жиында Бородулиха ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Р.Харченко сөз сөйлеп, республикалық референдум туралы заңның нормаларын түсіндірді.            Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары В.Г.Драчев Қазақстан Республикасындағы референдумның құқықтық негіздерімен және комиссиялардың жұмысын ұйымдастырумен таныстырды. Хаттамалар мен басқа да құжаттарды дайындау бойынша аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы А.Р.Мұхаева сөз сөйледі.Семинар соңында АСК мүшелері УСК мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. 

Дата публикации
31 июля 2024