2024 жылғы 23 мамырда Бородулиха ауданының аумақтық комиссиясы ұйымдастырған «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау кезінде дауыс беру күніндегі сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» семинарында , аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Харченко С.Р. «Сайлау процесінің құқықтық негіздері және дауыс беру күні Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау кезіндегі сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасады.
Семинар-тренингке No286, 287, 288, 289, 290, 291 учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары мен хатшылары қатысты.