Абай облысы Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну туралы ақпарат
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2024 жылғы 01 мамырда Бородулиха ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 09 маусымға Абай облысы, Бородулиха ауданы, Дмитриевка округ әкімдерінің сайлауын тағайындады.
2024 жылдың 2 мамырдан бастап ауылдық округ әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2024 жылдың 14 мамырдағы жағдай бойынша 3 кандидат ұсынылды.
2 кандидат өзін-өзі ұсынды, 1 кандидат - «AMANAT» партиясынан ұсынылды.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 14 мамырда сағат 18:00-де аяқталды.
Бородулиха ауданының аумақтық сайлау комиссиясы