Бородулиха ауданында мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бойынша 2023 жылға есеп
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына сәйкес, ауданда жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдармен мемлекеттік қызметтердің 176 түрі көрсетіледі.
«Мониторинг» АЖ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеуге бақылауды ұйымдастыру жұмысы, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсетуге мониторинг жүргізу бөлімі жүреге асырады.
2023 жылдың 11 айына Бородулиха ауданының тұрғындарына жергілікті атқарушы органдармен 16601 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- баламасыз негізде көрсетілген-3;
- баламалы негізде көрсетілетін қызметті берушілер көрсетілген-95;
- «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы-524;
– электрондық форматта барлығы-15807 қызмет көрсетілді, оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы - 12637, «Е-лицензиялау» МДҚ арқылы электрондық түрде көрсетілген - 1346, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз электрондық түрде көрсетілген – 1322, қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде тікелей байланыс арқылы көрсетілген – 948.
Мемлекеттік қызмет көрсетуде негізделген бас тартулар саны-201.
Әрбір ауылдық округ әкімдігінде өзіне – өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді, ағымдағы кезеңде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы 10895 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 2023 жылы ауылдық әкімдіктерде және ауданның дербес бөлімдерінде 12 бақылау іс-шарасы өткізілді.
Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша өрескел бұзушылықтар анықталған жоқ, басшылар мен мамандар тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.
Мемлекеттік мекемелердің басшыларына жүргізілген бақылау іс шараларының қорытындысы бойынша халыққа мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету бойынша бақылауды күшейту ұсынылды.
Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халыққа әдістемелік көмек көрсету мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ауылдық әкімдіктер мен ауданның дербес бөлімдері Бородулиха ауданы әкімі аппаратының ресми парақшасында және Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфирлер өткізді. 2023 жылы 12 айда 20 тікелей эфир өткізілді.
Ағымдағы жылдың қараша айында мемлекеттік қызмет көрсететін ауданның 26 маманы Семей қаласында мемлекеттік қызмет көрсету саласында оқудан өтіп, сертификаттар алды.
Ауданда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту үшін қабылданатын шаралар жалғасуда, мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету бойынша мониторинг тұрақты негізде жүргізіледі.