«Бородулиха ауданы бойынша 2024 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» Бородулиха аудандық мәслихаты шешімінің жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

«Бородулиха ауданы бойынша 2024 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы»

Бородулиха аудандық мәслихаты шешімінің жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

 

№
р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші - мемлекеттік орган

«Абай облысы Бородулиха ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

2.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау үшін негіздер

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы                           2-10-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 бұйрығына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі

Қосымша қаржылық шығындарды қажет етпейді

4.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар, сондай-ақ нормативтік құқықтық акт жобасының ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсері

Жобаны қабылдау теріс, әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды

5.

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

 Бородулиха ауданы бойынша 2024 жылға арналған шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарында болу құнынан туристік жарнаның мөлшерлемелері 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.

6.

Нормативтік құқықтық актінің жобасында қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілер және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер

жоқ

7.

Заңнаманы нормативтік құқықтық актінің енгізілетін жобасына сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы

Қажет емес

8.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

 

9.

Уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына баспасөз-релизін орналастыру туралы ақпарат

Жоқ

10.

Нормативтік құқықтық акт жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

сәйкес

11.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысу нәтижелері

Жоқ

 

 

 

Бородулиха ауданының  кәсіпкерлік және

ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы                                                                           М. Нұркешев

                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
16 апреля 2024