Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

          Бородулиха  ауылы                                                                                                         село Бородулиха                                                                                                               

 

 

 

Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  2. «Абай облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы Бородулиха ауданы әкімі аппаратының басшысы Э.С. Бергеневке жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

А.Ибраев

Дата публикации
01 апреля 2024