«Бородулиха ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Абай облысы Бородудиха ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 57 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

ЖОБА

 

 

«Бородулиха ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Абай облысы Бородудиха ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 57 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының
31-бабының 2-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес,Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Бородулиха ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Абай облысы Бородудиха ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 57 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 29-18 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Абай облысы Бородулиха ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж.Селихановқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Бородулиха ауданының әкімі                                                                          А.Ибраев

 

Дата публикации
09 февраля 2024