Өңерліқ кадр резерві

 

Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу басталады.

Жобаның негізгі мақсаты - жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту.

Іріктеуді Облыстың Кадр комиссиясы жүзеге асырады.

Өңірлік резервке алынған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады

Іріктеуге:

ü 35 жастан аспаған;

ü жоғары білімді;

  • жəне 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады:

 

Іріктеу келесі  бағыттар аясында жүзеге асырылатын болады[1]:

1) индустрия және өнеркәсіп;

2) экономика және қаржы;

3) әлеуметтік сала;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;

5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;

6) цифрландыру;

7) экология.

 

***

 

Резервке іріктеу келесі кезеңдерден тұрады.

  1. БІРІНШІ КЕЗЕҢ-ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ.

Кезең 1-31 наурыз аралығында өтеді. Кандидаттар құжаттарды onir.pkrezerv.gov.kz - жоба сайтында тапсыра алады.

 

Қажетті құжаттар тізімі:

  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;
  • білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері. (шетелдік дипломдардың көшірмелеріне заңнамада айқындалған тәртіппен осы құжаттарды тану туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі);
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес);
  • соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған іріктеу тәртібінің нысаны қосымшасы бойынша өңірлік резервке кандидаттың қызметтік тізімі;
  • түрлі түсті фотосурет.

 

Сонымен қатар, құжаттарды беру уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қағаз жеткізгіште не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде де мүмкін екенін атап өткен жөн.

 

Жеке кабинетте барлық құжаттар топтамасын ұсынып тіркелгеннен кейін үміткер өңірді және салалық бағытты таңдайды.

Бір ғана өңірді және бір салалық бағытты таңдауға рұқсат етіледі. Одан кейін салалық бағыт пен өңірді өзгертуге жол берілмейді.

Үміткерлер өзі тұратын өңірден басқа өңірдің резервіне қабылдану үшін құжаттарды тапсыра алады (яғни кез-келген өңірді таңдай алады, бірақ өзгерте алмайды).

Құжаттар ұсынылғаннан кейін үміткерлерге оларды верификациялау туралы хабарлама келеді. Әрі қарай, кандидаттарға жеке кабинетте тестілеу күні мен уақытын таңдау ұсынылады

 

***

  1. ЕКІНШІ КЕЗЕҢ - ЗАҢНАМАНЫ БІЛУГЕ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ҚАСИЕТТЕРІН БАҒАЛАУҒА ТЕСТІЛЕУ.

Тестілеу Мемлекеттік басқару академиясы мен оның филиалдарының тестілеу залдарында офлайн форматта екі блокта өтеді.

Бірінші блок. «Заңнаманы білуге арналған тестілеу»

Тест тапсыруға кандидаттарға - 55 минут беріледі.

Екінші кезеңнің бірінші блогы 5 - 9 сәуір аралығында өтеді.

Екінші блогы «Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуге»

Тестілеудің жалпы уақыты - 90 минут. Екінші кезеңнің екінші блогы 13 және 14 сәуірде өтеді.

Тестілеуді сәтті тапсырған кандидаттардың тізімі интернет-ресурстарда, сондай-ақ онлайн-платформада кандидаттарды келесі кезеңге жіберу туралы шешім қабылданған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде орналастырылады.

 

***

  1. ҮШІНШІ КЕЗЕҢ – «ҚҰЗЫРЕТТЕРДІ БАҒАЛАУ» Астана қаласында Мемлекеттік басқару академиясының базасында офлайн форматта өтеді (алдын ала 22 сәуір – 7 маусым).

Конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгімелесу өтетін жерге бару және кері қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, барлық түрдегі байланыс қызметтерін пайдалану және басқалар) қатысушылар өз қаражаты есебінен жүргізеді.

Бұл кезең кандидаттардың мінез-құлық индикаторларының жиынтығы арқылы белгілі бір құзыреттерді (белсенділік, қызметті басқару, мәселелерді талдау және шешу, көшбасшылық, сенімділік) анықтауға әрі бағалауға бағытталған топтық және жеке жаттығуларды қамтиды. Кандидаттардың мінез-құлқын сертификатталған сарапшы-бағалаушылар бақылайды.

 

***

  1. ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢ – «КОМИССИЯДАҒЫ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СҰХБАТ» кандидат таңдаған салалық бағытқа сәйкес жобаны презентациялау форматында өткізіледі.

Презентация 5 слайдтан тұруы керек.

Презентация барысында кандидат өзі ұсынған идеяның мәні мен мақсаттарын, оны іске асыру кезеңдерін, ықтимал проблемаларды, күтілетін нәтижелерді ашуы қажет.

Презентацияны қорғау 5 минуттан аспайды.

Іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін құрылымдық сұхбат жүргізу кезеңінде өңірлік резервке қоғамдық бірлестіктер, ҮЕҰ, БАҚ, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері және салалық сарапшылар тартылуы мүмкін.

 

***

  1. БЕСІНШІ КЕЗЕҢ – «КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫНДА» резервке кандидаттарды қабылдау туралы ұсыныс шығарылады.

Өңірлік резервтерге алынған адамдардың тізімі комиссия шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде интернет-ресурстарда, сондай-ақ онлайн-платформада жарияланатын болады.

 

***

Әрбір кезеңнің нәтижелері комиссия шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде интернет-ресурстарда, кандидаттардың жеке кабинеттерінде, жобаның сайтында орналастырылатын болады.

Сондай-ақ кандидаттар іріктеуден өту тілін таңдап, әр кезеңнің өту күні мен уақытын таңдай алады

Өңірлік резервте болу мерзімі - 2 жыл.

 

 

Дата публикации
08 февраля 2024