Орналасқан жері: Абай облысы, Бородулиха ауданы, Жезкент кенті, Дружба көшесі, 1.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
Білімі: кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
Жұмыс өтілі: мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 2 жылдан кем емес.
Қажетті білім: ҚР Конституциясын, Бюджеттік кодексін, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Еңбек кодексін, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын; ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін білу.
Функционалдық міндеттері:
мәдени-демалыс ұйымдарының қызметтеріне басшылық етеді;
шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағартушылық жұмыстарды жүзеге асыруды, жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
байқаулар мен фестивальдарды, халық шығармашылығы конкурстарын, көркемөнерпаз жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;
көркемөнерпаз ұжымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
саябақтың және оның бөлімшелерінің аумағында эстрадалық театрлар, кинодәрістер, планетарийлер, кітапханалар, би және ойын павильондары, алаңдар, мұз айдындар, шаңғы және қайық станцияларын, мәдени-тұрмыстық және спорттық құрал-жабдықтарды жалға беру базаларын, әртүрлі аттракциондар мен халыққа қызмет көрсететін нысандарды, сондай-ақ үрмелі аспаптар мен эстрадалық оркестрлерді, көркемөнерпаздар ұжымын, әртүрлі секцияларды ұйымдастырады, бақ-саябақ шаруашылығының дамуын және сақталымын қамтамасыз етеді;
білікті мамандарды әдістемелік құралдар, сценарийлер, репертуар жасауға, осы материалдарға пікір жазу және көркемөнерпаздар ұжымына шығармашылық көмек көрсету жұмыстарына тартады;
қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін жағдайлар жасайды, көтермелейді, шығармашылық бастамаларын ынталандырады;
ұйым қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртіптерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ережелерді, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауларын бақылайды.
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына сәйкес орташа лауазымдық жалақысы 141949-дан 171568 теңгеге дейін құрайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі; Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығымен бекітілген.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесі, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады.
Құжаттарды берген адамды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны «Абай облысы Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округі әкімінің аппараты» ММ-де он жұмыс күн ішінде өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде Абай облысы, Бородулиха ауданы, Жезкент кенті, Дружба көшесі, 1 мекенжайы бойынша «Абай облысы Бородулиха ауданының Жезкент кенттік округі әкімінің аппараты» ММ ұсынылуы тиіс.
Анықтама телефоны: 2-77-81, электрондық мекен-жайы akimat_zhezkent@mail.ru.